Шешенстанда лезгинка билеп жүрген бишінің жүрегі сахнада тоқтап қалды

Шешенстанда биші дәл сахнада қаза болды. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға Шешенстанның халық әртісі Лиза Ахматованың сахнада өнер көрсетіп жатқан уақытында болған.

Концерт «Аналар» күніне орай ұйымдастырылуы мүмкін. 48 жастағы биші ұлттық киіммен лезгинка билеп жатқан, алайда бидің соңында ол құлап түсті.

Залда отырғандар басында сахнада құлап жатқан ер адамды көріп мұны бәрі арнайы шоу деп ойлаған. Алайда музыканың дыбысы өшкенде залды айқайлаған, жылған адамдардың даусы басып кетті. Ал бишіні әрістер мен сахна жұмысшылары қоршап алды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бишінің жүрегі тоқтап қалып, салдарынан ер адамның қаза болғанын мәлімдеді.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий