Шешенстанда «Новая газеті» журналисі мен адвокатқа шабуыл жасалды

Шешенстанда қарулы адамдар «Новая газета» журналисі Елена Милашина мен адвокат Александр Немовқа шабуылдады. Бұл туралы «Азаптауға қарсы топ» жобасы хабарлады.

Бетін тұмшалап алған белгісіз адамдар Милашина мен Немовқа Грозный әуежайынан келе жатқан жолда шабуылдаған. Оларды соққыға жыққан, бастарынан да тепкен, техникалары мен құжаттарын жойған. Немовтың айтуынша, шабуылдаушылар оларға тапанша кезеп, атып өлтірем деп қорқытқан.

Қазір екеуі де Грозныйдағы ауруханада жатыр. Екеуі де мүгедек арбасында отыр деп жазды «Кровавая барыня» telegram-арнасы. Милашинаның басы қатты зақымданған. Ол қайта-қайта есінен танып қала береді. Журналистен телефонды ашып беруін талап еткен уақытта оның саусақтарын сындырған.

Немов дұрыс қозғала алмайды, әрең сөйлейді. Оның аяғынан пышақтаған. «Азаптауға қарсы топ» адвокаттың суретін жариялады. Немовтың айтуынша, шабуылдаған адамдар Милашина екеуінен бұл жерден кетуді талап еткен. «Кетіңдер. Сендерге ескерту жасалған. Ештеңе жазбаңдар» деген олар.

Жәбірленушілер Шешенстанда полицияға шағымданудан бас тартты, өйткені одан нәтиже шығарына сенбейді. Алайда оқиға орнына видеокамералар болуы мүмкін деп топшылайды «Азаптауға қарсы топ» жобасы. «Новая газета» өтінішінен соң іске Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова араласты.

Милашина мен Немов Шешенстанға Зарема Мұсаеваға шығарылатын сот үкімін естуге келген. Шешен полициясы оны 2022 жылғы қаңтарда Нижний Новгородтан ұрлап әкеткен. Үкім бүгін жариялануы керек. Немов — Мұсаеваның адвокаты. Ол сотқа барады. Милашинаның жұмыс істейге мүмкіндігі жоқ дейді «Медузаға» «Новая газета» өкілдері.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий