Шиеліге келсең жұмыртқа лақтырамыз: Төреғалидің жерлесі әншіге ескерту жасады (видео)

Атышулы әнші Төреғали Төреәлінің Павлодар сахнасындағы әрекетіне күйінген тыңдарман жерлесін ескерту жасады. Ол видеоүндеуінде Төреғали Шиеліге келетін болса, оған жұмыртқа лақтырып, қорлап жіберетіндерін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео YouTube желісінде жарияланды.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғынымын. Төреғали сенің жерлесіңмін, саған айтатын бір жәйітім бар: «Төреғали бауырым, ондай сөзді айтудың қажеті жоқ еді. Үлкен кісіге олай айқайлаудың керегі жоқ. «Еріккен…» деген тіркестің өзін мен ары қарай аяқтай алмаймын. Сен де тәрбие көрген, оңтүстік өңір — Қызылорданың баласысың. Оңтүстіктің балалары қалай үлкенді сыйлайтынын білесің. Ондай әңгіме айтпай-ақ қой, бауырым.

Егер ондай әңгіме айтып, Шиелі ауданына келетін болсаң біз сені дұрыс қарсы алмаймыз, сенің концертің былай тұрсын, кезіндегі депутатқа жұмыртқа лақтырғандай лақтырып, қорлап жібереміз. Ол — ақиқат»,- деп ашынды Төреғалиға видео-сәлемдеме жолдаған жігіт.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен ән кешінде өзіне қатаң ескерту жасаған қарияны залдан қуып шыққан еді. Осы оқиғадан кейін халық әншіге жаппай наразылық көрсетіп, Төреғали тікелей эфирде қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий