Үшінші әйелімен де ажырасқан Дәурен Айдарқұловты оқырмандары қарғап тастады

Дәурен Айдарқұлов. Фото: Instagram

Кеше елімізге атышулы жұлдызды жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет ажырасқандарын мәлімдеген болатын. Үшінші отбасын тастап жатқан Дәуренге ашуланған желі қолданушылары актерге түрлі қарғыс сөздерін жаудыруда.

«Үшінші отбасын тастап жатқан адамнан қандай ұят сұрауға болады?! Алла жазаңды берсін!», «Балаларыңның көз жасынан қорықпайсың ба?! Еркек деген аттан садаға кет», «Бәрі үшін жауап беруге тура келеді. Жетім қызды жылатудан қалай ұялмайсың?! Сені де біреу балам бар дейді ау!», «Жетімді жылатқан адам оңбайды. Сендей адамды жер қалай көтеріп жүр», — деп жазған желі қолданушылары.

Айдарқұловтың парақшасында кеше жария болған суреттің астындағы пікір алаңы халықтың өкпесі мен қарғысына толып тұр. Мәселенің шындығын білу үшін хабарласқан NUR.KZ тілшісінің сұрағына актер жауап беруден бас тартты.

Nur.kz

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий