Шойгу «Пригожиннің бүлігі Украинадағы Ресей әскерінің әрекетіне әсер етпеді» дейді

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Вагнер» жеке әскерінің иесі Евгений Пригожиннің бүлігіне қатысты алғаш рет пікір білдіріп, «әскери бүлік жүзеге аспай қалды», «провокация Украинадағы Ресей әскерінің әрекетіне әсер етпеді» деді.

«Қарулы күштердің жеке құрамы антқа және әскери міндетіне адал болғандықтан бүліктің жоспары сәтсіздікке ұшырады. Әскери қызметкерлер ерлікпен өздеріне қойылған міндетті орындады» деді Шойгу селекторлық отырыста.

Ресей қорғаныс министрінің сөзіне РИА Новости агенттігі таратты.

23-25 маусымдағы Пригожиннің бүлігі кезінде Шойгу үнсіз болған еді. Ал 26 маусымда Шойгу Путин қатысқан жиында отырған, бірақ әскери бүлік жайлы ештеңе айтпаған.

The Wall Street Journal дереккөзіне сілтеме жасап, Пригожин әскери бүлік кезінде Шойгу мен Ресей әскерінің бас штабының жетекшісі Валерий Герасимовті ұстамақ болды деп жазады.

23 маусымда Пригожин Ресей әскери «Вагнердің» базасына ракетамен шабуылдады деп хабарлады. Кейін «Вагнердің» 25 мың жауынгері Шойгу мен Герасимовті жазалау үшін Мәскеуге қарай шыққан.

«Вагнер» бір күннің ішінде Дондағы Ростов қаласын бақылауға алған. Бүлік кезінде «Вагнер» бірнеше тікұшақ пен Ресей әскерінің ұшағын құлатқан. Бірнеше ұшқыш қаза тапқан.

Пригожин Беларусь билігін қолына ұстап отырған авторитар Александр Лукашенкомен келіссөзден кейін бүлікті тоқтатқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий