ШЫҰ мен ҰҚШҰ елдерінің басшылары ауған мәселесін талқылау үшін алғаш рет Душанбеге жиналады

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 17 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің өкілдері алғаш рет Душанбеде кездеседі.

Екі ұйымға мүше елдердің басшылары Ауғанстандағы жағдайды талқылайды. Кездесу Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен өтеді.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің хабарлауынша, 16 қыркүйекте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді. Оған Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась қатысады.

ҰҚШҰ – Ресейдің ықпалымен құрылған ұйым – соңғы уақытта Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп жүр. Әсіресе тәліптер билікке келген соң ұйымның алаңдаушылығы үдей түсті. Жақында Беларусь қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Александр Вольфович ҰҚШҰ елдерінің күштері Тәжікстанға шоғырлануы мүмкін екенін мәлімдеді. Тәжікстан әскерін күшейту себебін ол Ауғанстанда қалыптасқан жағдаймен түсіндірді.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 17 қыркүйекте Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Душанбедегі саммитке Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди (онлайн), Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин (онлайн), Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Ресей президенті Владимир Путин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қатысады. Тәжікстанға алғаш рет Иран президенті ретінде Ибрахим Раиси келеді. Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов құрметті қонақ ретінде қатысады.

Шанхай ынтықтастығы ұйымы 2001 жылы құрылды. Ұйымның жиырма жылдығына арналған саммит Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы билікке келген уақытта өткелі жатыр. Қытай мен Өзбекстан тәліптермен әріптестік орнатуға дайын екенін мәлімдеді. Тәжістан тәліптердің Кабулдағы билігін мойындамайтынын жариялады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий