Шымкент əкімі Ғабидолла Əбдірахымов
Шымкент əкімі 2016 жыл бойына еткен еңбегін қорытындылап, халық алдында есеп берді. Өз сөзінде шаһар басшысы қаланың экономикалық тұрғыда дамуы мен білім, денсаулық сақтау сынды жəне тағы да өзге салалар бойынша атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.
Жарты сағаттан астам уақыт бойына мінберде тұрып баяндама жасаған Əбдірахымов мырза кемшіліктердің де барын жасырмады. Айтуынша, бұл өмірде ешкім де періште емес. Оған əлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін сын-ескертпелер себеп бола алады.
«Құрметті қала тұрғындары, бұл өмірде ешкім де періште емес. Сондықтан да кемшіліктер болып тұрады», — деді Əбдірахымов.
Алайда Шымкент басшысының ұзын-сонар баяндамасы залға жиналушыларды зеріктіріп жібергендей. Бірі тəтті ұйқыға батса, келесі бірі уақытын қалай өткізерін білмей отырды.