Шымкентке келген шетелдіктер «Гүл әпше» әніне тоқтамай биледі

Шымкентке келген чехиялық туристер той әндерінің біріне тоқтамай биледі. Бұл туралы Отырар арнасы хабарлайды.

Көшеде өтіп жатқан жастар мерекесіне қаладағы туристер де қатты қызыққан. Олар көңілді әнді естігенде жергілікті жастармен бірге билей жөнелді.

Содан соң, қазақтардың қонақжайлығына таң қалған олар жастарға алғысын жаудырды.

«Қазақстанда өте мейірімді халық тұрады. Тіпті, бізді үйіне қонаққа шақырып, дастарханнан дәм татқызғандар да бар», — дейді туристердің бірі.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий