Фото: Facebook
Шымкентте жеңіл көлік мінген келіншек жол бойында қоғамдық автобус жүргізушімен шекісіп қалды. Бұл туралы Жанна Тулендиева есімді Facebook желісінің қолданушысы жазды.
«…Автобустың алдын «подрез» жасаған сұлу қыз автобус жолаушыларына «мен әкімнің әйелімін, қазір быт-шыттарыңды шығарамын» депті… Жолаушылар «әкімнің әйелі» дерзкая екен деп отыр», — деп жазды Жанна Тулендиева.
Фото: Facebook
Желі қолданушысының мәліметінше, оқиға кеше кешкі уақытта Нұрсәт шағынауданындағы, Бәйдібек би көшесінде орын алған.
Мұны оқыған желі қолданушылары өзін «әкімнің әйелімін» деп таныстырған көлік жүргізушісінің бұл әрекетін күлкіге айналдырып, тіпті бірі өз басынан өткен тура осы оқиғаға ұқсас жайтты мысалға келтіріп кеткен.