Шымкентте үшем дүниеге келді (фото)

Фото: Отырар арнасы

Оңтүстікте үшем дүниеге келді. Жас ана сәбилерін Шымкенттегі №2 перзентханада 30 наурыз күні босанып, аяқ-қолын аман-есен бауырына алған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Қазір үшемдер мен ананың жағдайы жақсы.

Бірден көп балалы әке мен ана атанған отбасының қауыншында шек жоқ. Енді Есенғалиевтер отбасында Құдай берген алты бала бар. Айта кету керек, бұл отбасы әзірге жалдамалы баспанада тұрады.

Фото: Отырар арнасы

Үшемге Бегім, Сырым және Сезім деген есімдер берілген. Дүние есігін енді ашқан шақалақтарды отбасының үлкендері перзентханадан 10 сәуір күні шығарып алды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий