Шымкентте жол бермеген жігітті белгісіз біреулер пышақтап кетті

Кадр ТВК арнасы

Шымкенттің Түркістан көшесінің бойында бір азаматқа белгісіз адамдар пышақ жарақатын салып, оқиға орынан тайып тұрған деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға кешкі сағат 19-30 шамасында болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол жолда кетіп бара жатқан екі адаммен иық соқтығысып қалады. Онысын жақтырмаған екі жігіт жәбірленушіні әңгімеге тартады. Әңгіменің соңы ерегіске ұласып, пышақ жарақатымен аяқталады.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ал күдікті азаматтарға іздеу салынды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий