Шымкенттік қария немересіне АҚШ президентінің атын қойды

Иллюстрациялық фото: chmag.ru

ОҚО-ның Қазығұрт ауданы Жаңа Базар ауылына қарасты Көкібел елді-мекенінде Дональд есімді бала тұрады деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан басылымы.

2016 жылдың қарашасында туған сəбиге бұл есімді атасы Кəдірбай ақсақал берген.

Қарияның айтуынша, немересінің есімін Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың құрметіне қойған екен.

Дональд — Шыңғыс бен Назгүлдің үшінші перзенті. АҚШ президенті секілді ел басқаратын адам болсын деген ниетте есімі қойылған Дональдтің Ханбатыр, Береке есімді қос ағасы бар.

Анасы – Назгүл мектепте тəлімгер болып жұмыс істейді. Ал, əкесі жеке кəсіпкер.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий