Шымкенттік келін неке түнінде пәктігіне күмән келтірген күйеуін жеңіп шықты

Көрнекі сурет. Фото: vk.com

ОҚО тұрғыны өзінің пәктігіне күмән келтірген бұрынғы күйеуі мен қайын әпкесін сотта жеңіп шықты.

Бұл туралы әскери сотқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Естеріңізде болса, Шымкенттегі әскери қызметкер жаңадан үйленген келіншегінің пәктігіне күмән келтіргені туралы жазғанбыз.

Ол әпкесімен бірге әйелінің адалдығына сенбей, оған түрлі балағат сөздерін жаудырған. Өзінің пәктігіне сенбеген күйеуі мен қайын әпкесінің қорлығына шыдамаған бойжеткен оларды сотқа берген болатын.

Нәтижесінде, гинекологтар бойжеткеннің пәк екендігін растады. Сот оны балағаттап, абыройына нұқсан келтірген әскери қызметкер мен оның әпкесіне айыппұл төлеу туралы үкім шығарды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий