Шымкенттік қыздар туралы ән желіде хитқа айналды

Шымкенттік қыздар туралы әнге көңілді би билеу желіде сәнге айналуда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда жігіттер бір әнге ерекше би билеп жатқаны байқалады.

«Шымкенттің қыздары зың» деген сөздерден құралатын ән мен жастардың биі көпшілікті күлкіге қарық қылды.

«Жанармай құю бекетіндегі нағыз дарын иесі», «Талант бар, таныс жоқ», «Керемет», — деп мақтауларын жаудырды желі қолданушылары.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий