Шымкенттік жезөкше ғаламтор жұлдызына айналды

Шымкенттік тәнін саудалайтын бикеш жезөкшеліктің қыр-сырын баяндаймын деп ғаламтор жұлдызына айналды. 

Оның ашық әңгімесінен кейін қазақстандықтар жеңіл жүрісті бикештің өміріне қызығушылық таныта бастады.

Алайда жезөкшенің ашық баяндамасынан соң, қызметтегі құрбылары оған қоқан-лоққы көрсеткен, деп хабарлады 31 арна.

Шымкенттік тәнін саудалаушыны видеоға түсірген азамат жеңіл жүрісті бикешке өзін клиент ретінде таныстырған. Алдауға түскен жезөкше өздерін жергілікті полицияның «крышевать» ететінін айтып, тәртіп сақшыларына айына 5000 теңге төлейтінін де жеткізген.

Бейтаныс ер кісінің ғаламторға жариялаған алғашқы видеосынан кейін жезөкшенің қызметтес құрбылары бойжеткенге жәбір көрсеткен.

Сондай-ақ, жеңіл жүрістілердің азық-түлік дүкендерімен тығыз байланыста болатыны көпшілікке мәлім. Акрам есімді такси жүргізушісі жезөкшелерді тасып, мол қаржыға кенелгенін жасырмады.

«Осы бизнесте жүріп, ақша таптым, күнәға баттым. Клиенттер көлікке отыра салысымен, осы қызмет түрін ұсынатынмын. Саунаға, жеке пәтерге жеткізіп салатынмын. Ал жезөкшелер табысының 10 %-ымен бөлісетін», — деді такси жүргізушісі.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий