Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын және олардың өтініштері қабылданып, тез арада оған заңды шешім қабылдану қажеттігін атап өтті.
Осы орайда, а.ж. 6 қараша күні Шымкент қ. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов Бадам-1, Бадам-2 және Ворошиловка елдімекенінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарды кең көлемде талқылап, шешімдерін тапты.
Шымкент қаласының Бас полицейі есігінің әрқашан ашық, қабылдауға дайын, тұрғындардың қандай да бір мазалап жүрген сұрақтары немесе мәселелері болса, міндетті түрде бірлесіп, ақылдасып шешімін табатынын айтты.
Полиция қызметкерлері аталған елдімекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың кездесу барысында білдірген өтініштерін ескере отырып, жұмысты жалғастырады.
Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі