Шымкент қаласы полиция департаментінің мұражайына оқушылар саяхат жасады

2023 жылдың 3-ақпанында Шымкент қаласы полиция департаментінің мұражайымен танысуға қаладағы №44 жалпы орта мектептің 5-сынып оқушылары келіп, саяхат жасады. «Сұрақ-жауап» ретінде өткен іс-шарада оқушылар полиция қызметімен танысып, мұражайдағы Ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары туралы мағлұматқа қанықты.

Шымкент «Визит» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен келген оқушыларға мұражай меңгерушісі Гүлнәр Қожамжарова ІІО-ның құрылу тарихын айтып, әңгімелеп берді. Сонымен қатар мұражай меңгерушісі Ішкі істер органдарында осыған дейін басқарған генералдардың фотосуреттерін көрсетіп, олар туралы қысқаша мәліметтерді мысалға келтірді. Оқушылар да өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алып, мұражайдан ерекше әсермен қайтты.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий