2022 жылдың қорытындысы бойынша республика көлемінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің анықтау саласы екінші орынды иеленді. Осыған орай, өткен жылдың нәтижесімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. Жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен Анықтау басқармасы мен аудандық анықтау бөлімдерінің қызметкерлеріне департамент бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтің бұйрығымен Грамота мен Алғыс хаттар табысталды. Барлығы 10 анықтаушы марапатқа ие болды. 8 қызметкердің мерзімінен бұрын салынған тәртіптік жазалары шешілді.
Атап айтсақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Грамотасымен 5 қызметкер:
— Тұран ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Нұржан Әбусейітұлы Сұлтанбаев;
— Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция лейтенанты Ғазиза Ғаниқызы;
— Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтенанты Нұрғиса Әсетұлы Илесов;
— Еңбекші ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтенанты Мұқағали Бақытқалиұлы Есенбек;
— Абай ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің аға анықтаушысы полиция капитаны Манап Болатұлы Тұрғынбай марапатталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Алғыс хатымен 5 қызметкер:
— Абай ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің аға анықтаушысы полиция аға лейтенанты Дулат Әлішерұлы Сәрсенбаев;
— Тұран ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция майоры Еркін Мейманханұлы Оразбаев;
— Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Дәулет Асанбекұлы Өмірбек;
— Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтананты Ақжол Наурызбайұлы Махмут;
— Қаратау ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің аға анықтаушысы полиция капитаны Нұрсейіт Саттарұлы Әуезов марапатталды.
Шымкент қаласының Полиция департаментінің Баспасөз қызметі