Шымкент: Әпкесінің телефонын ұрлаған азамат ұсталды

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында анасының үйіне қонаққа барып, сол жерде белгісіз жағдайда құны 85.000 теңге тұратын «RedMi-9» маркалы ұялы телефонын ұрланып кеткенін жазып көрсеткен.

Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, ұялы телефонды арызданушының туған інісі ұрлағанын анықтады. Анықталғанындай, күдікті телефонды дүкендердің біріне 3500 теңгеге сатып, ол қаржыны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Ұсталған азамат бұл іске ақшадан қысылғандықтан амалсыз барғандығын айтып, өз кінәсін мойындады. Сұқ қолды азаматтың айтуынша, әпкесінің ұялы байланыс телефоны қуатталып жатқанын көріп және бөлмеде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, сол арада үптеп үлгерген.

Өз кезегінде Шымкенттік тәртіп сақшылары азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын-сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий