«ASUS» маркалы ноутбукты қолдану үшін сұрап алып, иесіне қайтармай алдап кеткен. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.
2022 жылдың 17-қарашасында, Әл-Фараби АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол онда университетте бір топта оқитын досы құны 600.000 (алты жүз мың) теңге тұратын «ASUS» маркалы ноутбугын уақытша қолдану үшін сұрап алғанын, бірақ осы күнге дейін қайтармай жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Әл-Фараби АПБ Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің №22 учаскелік полиция инспекторларымен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде, 22 жастағы қала тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тергеу барысында ұсталған азаматтың ноутбукты сатып, түскен қаржыны өз пайдасына жұмсап жібергені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаменінің Баспасөз қызметі