Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының аумағында ортақ пайдаланатын орындардың таза ұстау қағидаларының сақталуын бақылау бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төгіп, аумақтың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізген жергілікті 108 тұрғынды анықтады. Оларға азаматтарға қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі (ортақ пайдаланатын орындарды ластау), ережелерін бұзған тұлғаларға (бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін), жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметі