Шымкент: Бір аптада «102» арнасына 8000-ға жуық қоңырау түсті

2023 жылғы 27-наурыз бен 2-сәуір аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7959 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3472 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс ашылған. Оның ішінде: ұрлық – 9, бұзақылық – 1, басқа да — 2.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1230 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 316, жол ережесін бұзған – 745, одан басқа да 169 жайт анықталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий