Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, өзіне тиесілі киім-кешек сататын дүкенінде ұрлық жайты орын алғанын хабарлаған. Яғни, жәбірленуші дүкеніне белгісіз тұлға терезесін бұзып, заңсыз кіру арқылы кассасындағы 240.000 (екі жүз қырық мың) теңге ақшаны жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті азаматты ұстау үшін шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдады. Көрген-білгендерден жауаптар алынып, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары ер адамды тұрғылықты мекенжайынан ұстап, басқармаға жеткізді. Күдіктінің жасы – 29-да, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат ақшаны толығымен өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі