Шымкенттің 36 жастағы тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша грант аламын деп, қолдағы ақшасынан айырылды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, 2022 жылдың маусым айында екі жылдан бергі танысы «мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз қаржы (грант) шығарып беремін» деп, сеніміне кіру арқылы 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматша бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі