Шымкент: Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, 6 млн. теңгеге жуық қаржысынан айырылды

«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып,

айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

2022 жылдың 31-қазанында, сағат 11:38-де Әл-Фараби АПБ-на жергілікті

жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір айдан бергі танысы Шымкентқаласынан «мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін» деп, 5 650 000 (бес миллион алты жүз елу мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі

тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық

қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижес інде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға

түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер.Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.

Сондай-ақ, ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін

жауапкершілікке тартылып, сотты болған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу

амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий