Шымкент: Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жұмыстар атқаруда

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері әйелдерге қатысты қылмыстың алдын алу және оның жолын кесу бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда.

Шымкент қаласы және Түркістан облысының МКҚБ ММ батальонының қызметкерлері арасында «Отбасылық мәселелер, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықты болдырмау, оған қарсы іс-қимылдар» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Осыған байланысты Еңбекші ауданы Полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Ақмарал Төрехан қатысып, аталған тақырып бойынша жеке құрамға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, баяндама оқыды.

«Отбасы — бұл қоғамның бір бөлшегі. Қоғам дамуы оның өміршеңдігіне, әл-ауқаты мен оның дұрыс қалыптасуына байланысты. Халықты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық деректері туралы уақтылы хабарлауға және басқа адамдардың мәселесіне немқұрайлы қарамауға шақырамын», – дейді полиция майоры Ақмарал Турехан.

Отбасындағы өзара келіспеушіліктер көбінесе ауыр салдарға әкеп соғады және одан көп жағдайда нәзік жандылар зардап шегеді. Өмірдің сынағымен бетпе-бет келген әйелдермен жұмыс істейтін полиция инспекторы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болатынын да атап өтті.

Айта өтетін ақпарат, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жалғасатын болады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий