Шымкент полицейлері №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық мереке ұйымдастырды (фото)

Әр бала жаңа жыл қарсаңында жағымды сыйлықтар күтеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың басшылығымен балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара аясында полицейлер балаларды керемет ойыншықтармен және тәтті сыйлықтармен қуантты, сондай-ақ балаларға мерекелік үстел ұйымдастырып, материалдық көмек көрсетті.

Өз кезегінде балалар қонақтарға арнап қызықты көріністер қойып, олармен әртүрлі ойыншықтар мен шамдар ілінген шыршаны айнала жүріп мереке көркін қыздырды.

Іс-шара соңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерін тағы да құттықтап — «Департамент атынан біз сіздерге бар жақсылықты тілейміз. Жақсы оқып, спортпен айналысыңыздар, оқытушыларыңызды тыңдап жүріңіздер. Жаңа жылда барлық тілектеріңіз орындалып, бақытты болыңыздар! Біз сіздерге көмектесуге әрдайым қуаныштымыз. Шын жүректен Сіздерге бақыт тілейміз» -деді.

Балалар үйінің басшысы, педагогтар және балалар полиция қызметкерлеріне көңілдері мен жаңа жылдық сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді.

Осындай іс-шараларға қатысу тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де өте маңызды. Осындай жылы кездесулер әр адамның жарқын болашаққа деген үміті мен сенімін сақтайды.

Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!!!

Комментарий (0)
Добавить комментарий