Шымкент: «Сергек» бейнекамераларының көмегімен жеті айда 200 қылмыс ашылған

Фото : Zakon.kz

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларында жалпы саны – 3177 «Сергек» бейнекамералары орнатылған. Сонымен қатар, көшелердің 1677 қиылыстарында автоматты түрде тіркейтін интеллектуалды бейнебақылаулар жұмыс істеп тұр.

Барлық 3177 «Сергек» камералары Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығына және ҚР ІІМ аумақтық орталығына, сонымен бірге қала әкімшілігінің дағдарыс орталығымен біріктірілген.

2022 жылдың жеті ай 17 күнінде бейнебақылау тобы арқылы — Жедел басқару орталығына қарасты барлық 3177 бейнекамерасының көмегімен 200 қылмыс ашылған. Атап айтсақ, олар: тонау – 9, бұзақылық – 19, автокөлікті заңсыз иелену – 17, ұрлық – 107, басқа да қылмыстар – 48.

«Сергек» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, көлік жүргізушілерінің құқық бұзушылықтар бойынша мекенжайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайыз мөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар.

Ал, ел аумағында «Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы 2022 жылдың 19 сәуірінен бастап іске қосылған. Осылайша, «Сергек» бейнекамералары қала ішінде жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізумен қатар, қылмыстарды ашуда орасан үлесін қосуда.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий