Шымкент: Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларына заңды құқықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жағдай баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін.

Осы ретте Абай ауданы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гулмира Бектемисова №54 жалпы орта мектептің 8-11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді.

Полиция қызметкері оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

«Тұрмыстық зорлық — бір адамның екінші адамға немесе туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан, міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеміз», – деді полиция майоры Гулвира Төлепбергенқызы.

Сөз соңында оқушылар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий