Шымкент қаласы аумағында «Автокөлік», «Айдап әкету» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланып, нәтижесінде автокөліктерді заңсыз айдап әкету деректері анықталды. Төрт күннің ішінде 7 автокөлікті айдап әкету жайты ашылған.
Айта өтетін ақпарат, бұл маңызы мол шара 2022 жылдың 12-15 желтоқсан аралығын қамтыды. Мақсаты — автокөлік ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған. Аталған акция аясында Шымкент ҚПД жанынан міндетті түрде жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды шұғыл іздестіру және жан-жақты тергеу әрекеттер кешені жүзеге асырылып келеді.
Сондай-ақ, «Автокөлік», «Айдап әкету» жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарының кеңінен жүргізілуі де – қылмысты болдырмаудың бірден-бір жолы болып табылады.
Және ауқымды рейдік шара алдағы уақытта да тиісті жоспарға сай жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі