Шымкент: Тамаққа тапсырыс беремін деп, 600 мың теңгеге жуық қаржысынан айырылды

2022 жылдың 30-қазанында, күндізгі сағат 12:35-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы «арнайы мәзір арқылы тамаққа тапсырыс беремін» деп ұялы телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасы арқылы 500 690 ( бес жүз мың алты жүз тоқсан) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Түркістан облысының Ленгір қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий