Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.
Ол қаладағы көшелердің бірінде оралған қаптамадағы есірткі затын тауып алған, содан оны заңсыз иемденіп, өзі тұтынбақшы болғаны белгілі болды. Алайда, оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен анықталып, тәркіленіп алынды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, тауып алған затты өзі қолдану мақсатында қалтасына салғанын айтып, бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен.
Сот үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі