Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — аудан аумағында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта ойын – сауық орындарында болған, ата-анасының бақылауынсыз жүрген балаларды анықтау.
Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, 2022 жылдың 6 айында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 1392 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде: 32 жасөспірім – ойын-сауық мекемесінде болған, 897 бала – 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген. ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша жиырма тоғыз ата-анаға әкімшілік шара көрілді. Сондай-ақ, мекеме иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен 20 хаттама толтырылды.
Айта кетейік, құқық бұзушылық жасағаны үшін 6 жасөспірім және ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 4 жайсыз отбасы есепке алынды. Қазіргі таңда «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасын табуда.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі