Шымкентте Қаңтар оқиғасында қаза болғандардың туыстары өтемақы талап етті

Шымкент қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың туыстары бес миллион теңге өтемақы талап етіп, прокуратураға жүгінді.

Оларды қалал прокуроры қабылдап, талапқа жауап беру үшін екі апта уақыт сұрады. Марқұмдардың туыстары прокурор өтінішімен келісті.

15 маусымда Азаттық тілшісі Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке марқұмдардың туыстары қойған талапқа қатысты сауал қойған. Ол көмек бәріне заңға сай көрсетіліп жатқанын айтқан.

«Жағдайы жоқтармен ай сайын кездесеміз. Баспана және көмектің басқа да түрлері заңға сай беріледі. Баспана алу үшін кезекке тұру қажет» деген Әйтенов.

Мамырдың басында Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың туыстары қала әкімшілігіне барып, кінәлілерді жазалауды талап еткен. Олармен кездескен әкім орынбасары биліктен марқұмдарға ерекше мәртебе беріп, отбасыларына көмек көрсетуге шақырған. Бұған қоса әкім орынбасары марқұмдардың отбасыларына бес миллион теңге көлемінде өтемақы уәде берген, бірақ ол үшін туыстары құжат жинауы керек. Әкім орынбасары өтемақыны мамырдың аяғына дейін төлеуге уәде берген.

Ресми мәліметтерде Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде 20 адам қаза болғаны туралы айтылған. Құқық қорғау органдары оларға да «жапппай тәртіпсіздік жасады» деген айып таққысы келген, бірақ іс дәлел жетіспеуіне байланысты жабылып, марқұмдар жәбірленуші деп танылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий