Шымкентте қылқалам шеберлері есірткіге қарсы көзқарастарын суретпен жеткізді

Шымкентте қылқалам шеберлері есірткіге қарсы көзқарастарын суретпен жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында, Шымкент полицейлері “Жастар ресурстық орталығының” мамандарымен бірлесіп, “Арбат” демалыс аймағында арнайы іс-шара өткізді.

Оған Ә.Қастеев атындағы Шымкент қалалық өнер және дизайн колледжінің қылқалам шеберлері қатысып, есірткіге қарсы теріс көзқарастарын сурет арқылы білдірді. Айта кетейік, аталған оқу орнының студенттері көптеген республикалық және жергілікті байқаулар мен көрмелердің жүлдегерлері атанған.

“Есірткі – қазіргі заманғы жоятын қару” тақырыбында өткен іс-шараға 15-ке жуық суретші қатысты. Олардың туындыларына демалыс аумағында жүрген азаматтар қызығушылық танытып, есірткі және нашақорлық мәселесімен күресуде өздерінің ойларымен бөлісіп, бұл бағытта жастардың рөлі маңызды екенін жеткізді.

Комментарий (0)
Добавить комментарий