2023 жылғы 16 мен 22-қаңтар аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 5919 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 2631 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 13 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық — 7, автокөлікті заңсыз иемдену – 1, бұзақылық – 1, басқа да — 4.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1155 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 240, жол ережесін бұзған – 688, одан басқа да 159 жайт анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі