Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды

2022 жылғы 14 мен 20-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7892 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3243-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық — 4, бұзақылық – 1, басқа да — 3.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді.

Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1014 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 249, жол ережесін бұзған – 639, одан басқа да 126 жайт анықталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий