Шымкент қаласы ПД-нің Абай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында көлік ішінде ұйқыға кеткен сәтін белгісіз адам пайдасына жаратып, автокөліктің терезесі арқылы салон ішіне заңсыз кіріп, құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонын қолды еткенін көрсетті.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын бастап, күдіктіге қатысты жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, ер адамның дәл осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Атап айтқанда, қаладағы базарлардың бірінде киім сатумен айналысатын саудагердің құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефонын қасақана ұрлаған. Ол тұрақты табыс көзінің болмауына байланысты, жеңіл жолмен ақша табу үшін бөтеннің мүлкін жымқыруды әдетке айналдырған.
Алайда Шымкенттік полицейлер жедел әрекетінің арқасында , ер адамды тұрғылықты мекен-жайында құрықтады.
Қазіргі таңда, күдіктіге қатысты қылмыстық-іс сотқа жолданды.
Өз кезегінде, полиция қызметкерлері бағалы мүліктеріңізге мұқият әрі сақ болуға шақырады. Сондай-ақ, бөтеннің мүлкін заңсыз жымқыру қылмыс екенін ескертеді.
Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі