Шымкентте «кәсіп ашамын» деген тағы бір тұрғын алданып қалды

Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 41 жастағы тұрғыны (азаматша) арызданған. Ол өз арызында, бір жылдан бергі танысы «Кәсіпті бірлесе бастаймыз» деп, алдын ала 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге ақшасын алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 57 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын мойындады. Және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ, алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий