Шымкентте көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған 296 автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараның 8 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1438 тәртіп бұзушылықты анықтады. Олар:

  • ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 2 және 3-бөлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша – 67;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша – 39;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша – 22;
  • ҚР ӘҚБтК – нің 590-бабы 9-бөлігі «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 54;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша – 296;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша – 86;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі «Қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу» бойынша – 3;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Көлік құралын алкогольдік күйде басқару» бойынша – 1;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару» бойынша – 5;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы 1-бөлігі «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» – 49 және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қ. Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий