Шымкент қаласы аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және болған қылмыстарды дер кезінде ашу мақсатында контрафактілік өнімді және еркін айналымды тыйым салынған, оның ішінде интернет желісінде таралатын өнімдерді заңсыз дайындайтын, тираждайтын және тарататын адамдарды анықтау мақсатында «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен қала аумағында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен (Ақпараттық жүйелердің пайдаланушыларына қатысты жасалған алаяқтыққа қарсы іс-қимыл) 10 жайт анықталған. Сондай-ақ, бұрын орын алған қылмыстар санатынан – 10 дерек бойынша қылмыс жасаған тұлғалар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбанына айналмас үшін азаматтарға бірін бірі көрмей саудаласуы кезінде, басқа да мәмілелер жасау барысында танымайтын тұлғаларға банк есеп шоттарын, реквизиттерін беру арқылы алаяқтық жолмен табыс табатындардан сақ болуға шақырады.
Алаяқтар интернет-хабарландыру иелерімен байланысып, жеке деректерін жіберуді сұрап, олардың атына несие рәсімдеуі мүмкін. Есіңізде болсын: реквизиттер мен пин-кодты құпияда сақтау – сіздің жауапкершілігіңіз және міндетіңіз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі