Қаладағы «Арбат» демалыс орнында қыдырып жүрген отбасы кенеттен кішкентай баласының сол маңайдан алыстап, көзден таса болғанын байқайда. Перзентінің жоғалып кеткені бойынша Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының 102 арнасына хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын жеткізген.
Дәл сол сәтте сол аумақта қызмет атқарып тұрған Патрульдік полиция полкінің туристерге қызмет көрсету взводының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Диана Рустамқызы жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, тиісті аумақтағы ойын алаңдары мен бейнебақылау камераларын қарап, іздеуге кіріскен. Полиция қызметкерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде, бүлдіршін 15 минут ішінде табылған.
Өз кезегінде, полицейлердің жедел әрекетіне тәнті болған баланың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындардан балаларды қараусыз, назардан тыс қалдырмауларын сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі