Қазіргі таңда Шымкент қаласында 1215 өтінім алдын ала мақұлданды. Оның ішінде 114 автокөлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден акелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады.
Шымкент қаласы ПД-нің Баспасөз қызметі