Шымкентте жанармай станциясына шабуыл жасаған азамат ұсталды

Автожанармай құю станцияларының бірінің кассиріне жасалған қарақшылық шабуыл туралы хабарлама Абай ауданының ПБ-на сағат 3:33-те келіп түсті.

Жанармай құю станциясының қызметкері оны белгісіз бетперде киген азамат пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны беруді талап еткенін айтты. Ақша таппаған қаскүнем оқиға орнынан бой тасалаған.

Жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 192-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастады.

Тәртіп сақшылары бейнекамералардағы жазбаларды тексеріп, куәгер болуы мүмкін тұлғалардан сұрастырды. Іздестіру шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын анықтап, оны қала аумағында ұстады. Ол бұрын-соңды сотты болған 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий