ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ҚЫЗДЫ ПЫШАҚПЕН ҚОРҚЫТҚАН КҮДІКТІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде белгісіз азаматтың жас қызды пышақпен қорқытқан бейнежазбасы тараған болатын. Аталған қылмысты жасауға оқталған күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасын жүргізді. Барлық куәгерлерден сұрастырып, бейнекамераларды қарады.

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әкерет етуінің, тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде бейнекамералардың көмегімен күдіктіні тұрғылықты мекен жайынан анықтап, ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293- бабы “бұзақылық” бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий