Шымкенттік полицейлер аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасады

Қаратау ауданы Полиция басқармасы Анықтау бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Көмек алған отбасылар полицейлердің мейірбандылығы мен қамқорлығына тәнті болып, алғыстардын жаудырды.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері ізгі амалдар үшін қызметтеріне табыстар тіледі.

– Осындай қиын сәтте бізге демеу болып, қамқорлық танытқан полицейлерге алғыс айтамыз. Отбасылары аман болсын. Абырой-беделдер арта берсін, – деді көпбалалы ана.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады»,- дейді Анықтау бөлімінің бастығы полиция капитаны Жансерік Нұрмахан.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий