Тұран ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның қорасына белгісіз тұлғалар кіріп, 3 бас ірі қара малын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 700 000 теңге.
Аталған жайт бойынша полицейлер қылмыстық іс тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмысты жасаған күдіктілерді бірнеше тәулік ішінде ұстады. Олар 39 және екеуі 21 жастағы жұмыссыз үш азамат болып шықты.
Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғандар ұрланған екі сиыр мен бір бұқаны сатып жіберген.
Қазіргі таңда күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі