2022 жылдың 2-тамызында Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, танысы «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігін алып беремін деп сендіріп, қолма-қол 4 000 000 (төрт миллион) теңгесін алаяқтық жолмен алдап алып кеткені туралы жазып көрсеткен.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағында жасырынып жүрген жерінен ұстады. Ол алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады.
Осы ретте, шымкенттік полицейлер алаяқтардың арбауына ермей, кез-келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтық қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз, «102» нөміріне хабар беріңіздер. Өйткені, дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі