Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін. Осы ретте Еңбекші ауданының Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жұлдыз Тасқұлова Шымкент медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді.

Полицейлер оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

«Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Осылайша бұл тұрмыстық зорлық құрбандарына көмек көрсету мәселесін қиындатады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеміз», – деді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жұлдыз Тасқұлова.

Сөз соңында жастар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Құрметпен,
Шымкент қаласының ПД

Комментарий (0)
Добавить комментарий