Шымкенттік тұрғынды мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп алдап соққан азамат ұсталды

Абай ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, бұрын соңды таныс емес бейтаныс азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беруге көмектесемін деп сендірген. Сондай-ақ, қызметі үшін 300.000 теңге сұраған. Алайда, осы күнге дейін телефонға жауап бермей, азамат қашып жүрген.

Алданып қалған тұрғын полицияға арызданған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алынған. Алаяқтықты кәсіп еткен тұрғынды анықтау мақсатында тәртіп сақшылары куәлерден жауап алып, қаладағы бейнебақылау камераларын жіті қарап, сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Алынған мәліметтерден азаматтың жеке басы анықталып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала аумағынан ұсталды. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары барысында анықталғандай, азамат алаяқтық жолмен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген.

Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға сенбеу керектігін қатаң ескертеді. Оның ішінде күмәнді қызмет ұсынған азаматтардың ақпаратына емес тиісті заңды қызмет орындарына жүгініп, мәселені шешуге кеңес береді.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий